Қарағандыда кәсіпкерлер құқығы қорғалды

Қарағандыда мониторингтік топ саябақты тексеріп, 7 кәсіпкерге 5 миллион теңгеге жуық айыппұл салған еді.

Алайда істі қарап шыққан прокурорлар салынған айыппұл заңсыз деп отыр. Балаларды қорғау күні бірнеше атракционға кіру тегін болған. Салдарынан адам көп жиналып, екі әйел жаға жыртысып қалған еді. Қарағанды қаласының саябақ басшысы жұмысынан қуылса, әкімнің екі орынбасарына сөгіс жарияланған болатын. Ал «карантин талаптарын сақтамады» деген желеумен басы бәлеге қалған кәсіпкерлер енді айыппұл төлемейтін болды.

Лилия Охримец, кәсіпкер:

- Билет алмай сырттай бақылап, көріп тұрған адамдар болады. Біз оларға келіп маска тақ деп айта алмаймыз. Себебі жүретін жолдар баршаға ортақ. Адам көп болды, бәрі өздерінше қыдырып жүрді. Ал монитрингтік топ болса, сендер соларға қарау керексіңдер деп айыппұл салып берді. Амалсыз прокурорларға шағымдандық.

Райымбек Шәріпбаев, Қазыбек би атындағы аудандық прокуратураның бөлім прокуроры:

- Аудан прокуратурасымен Қарағанды қаласының мониторинг тобы жеке кәсіпкерлер ісіне заңсыз ықпал ету дерегі анықталды. Барлығы қайтарылды, жеке кәсіпкерлерге іс қозғалмады, ол қысқартылды. Заңсыз жауапкершліктен кәсіпкерлер босатылды. Мониторингтік топ жұмысына қатысты прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Енді олар жауапкершілікке тартылады.