Ұлттық кеңес мүшелері Қарағанды облысының қоғам белсенділерімен кездесті

Ұлттық кеңес мүшелері Қарағанды облысының қоғам белсенділерімен кездесіп, Президент бастамаларының жүзеге асырылу барысын талқылады.

Жиында қоғам белсенділері, сарапшылар және жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен арадағы қарым-қатынастың тиімділігін арттыру мәселесі көтерілді. Бұдан бөлек моноқалаларды дамыту, ішкі және сыртқы көші-қон жайы ортаға салынды. Биыл кеңестің құрылғанына 2 жыл. Осы аралықта 70-ке жуық құқықтық-нормативтік актілер қолданысқа енгізілді. Нәтижесінде қоғамдық диалог, билік пен халық арасындағы қатынас жақсарып, экономиканың дамуына серпін берді. Мәселен, Ұлттық кеңес мүшелері Абай ауданының ауыл әкімдерімен кездесіп, жақын арада өткізілетін ауыл әкімдерінің сайлауына қатысты дайындық жұмыстарын талқылады. Сонымен бірге сапар аясында Ұлттық кеңес мүшелері шаруа қожалықтарының өкілдерімен жүздесіп, аймақтың ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша пікірлерімен бөлісті.

Ерлан Қарин, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы:

- Ендігі бізідң мақсатымыз сол ұлттық кеңес аясында көтерілген реформалардың, бастамалардың өңірлерде қалай көрініс тауып жатқанын бақылау. Кері байланыс орнату мақсатымыз. Жергілікті қоғам белсенділерімен пікір алмасу кезінде өзекті тақырыптар талқыладық. Олардың шешу жолдарын қарастырдық.

Максим Рожин, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі: 

- Әр облыстың, әр аумақтың өзіндік ерекшелігі бар. Біздің аймақтарды аралау себебіміз осы мәселенің барлығымен танысу біріншіден. Екіншіден, осы мәселелерді мүмкін алдағы Президенттің қатысуымен болатын мәселелерді жеткізу.