424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада дәрігерлерге арналған концерт өтті

  • 131
  • UPD: 22:24, 17.06.2021
Елордада дәрігерлерге арналған концерт өтті

Елордада індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге мерекелік концерт ұйымдастырылды. Президент оркестрі оларға арнап өнер көрсетті.

Мерекелік шара Президент іс басқармасына қарасты медициналық орталықта өтті. Концерттің өтуіне мұрындық болғандар осы арқылы ақ халаттыларға демеу болуды көздегендерін айтады. Қауіпті кесел өршіген тұста мыңдаған дәрігер вирус жұқтырып алған. Қаншама адам бақиға аттанды. Бірақ медицина қызметкерлері анттарына адалдық танытып келеді. 

Жанар Әтемқұлова, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің өкілі:

- Әлі де Нұр-Сұлтан қаласы біз қызыл аймақта тұрмыз. Сондықтан осы медицина қызметкерлеріне сәл де болса өз үлесімізді қосайық деп осы бүгінгі концертті қойып отырмыз. Көңіл-күйлерін көтерейік деп. Медициналық қызметкерлерге Президент тарапынан, үкімет тарапынан да көп қолдау көрсетіліп жатыр.

Жанар Бекжігітова, Президент іс басқармасы ауруханасының терапевті:

- Таңертеңнен кешке дейін жұмыста болып шыға алмайсың, шыны керек концерттерге. Осындайды көріп, жүрегіміз жылынып, әрине бұл өте қуанышты біз үшін.

Хабар 24 телеарнасы