424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда тұрғын үй өртеніп, 6 адам зардап шекті

  • 163
  • UPD: 09:53, 18.06.2021
Таразда тұрғын үй өртеніп, 6 адам зардап шекті

Олардың екеуі түрлі дәрежедегі дене күйігімен жансақтау бөліміне жатқызылды.

Тілсіз жау облыс орталығындағы тұрғын үйдің 3-қабатында тұтанған. Құтқарушылар баспалдақтың көмегімен 25 адамды апат орнынан шығарып үлгерді, арасында балалар да бар. Алдын ала болжам бойынша, өртке темекі шегу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамау себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы