424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та қарттарға арналған орталықтар қайта ашылды

  • 107
  • UPD: 09:55, 18.06.2021
АҚШ-та қарттарға арналған орталықтар қайта ашылды

Нью-Йорк қаласында коронавирустан бір жылдай жабық болған қарттарға арналған орталықтар қайта ашылып, егде жастағы адамдардың қуанышында шек жоқ.

Себебі індеттен ұзақ уақыт үйлерінен шыға алмаған қарттар достарымен кездесіп, орталықта өздерінің сүйікті істерімен айналысуға мүмкіндік алды. Мұндай орындарда тамақтанып, би билеп, жаттығулар жасап, түрлі ойын ойнауға болады. Жалпы шаһарда қазірге дейін 250 орталықтың 130-дайы ашылған.

Мэгги Эрнандес, Star Senior Center бағдарламасының үйлестірушісі:

– Індет қарттармен бірге біздің қызметкерлерге де ауыр соқты. Орталықтар жабылып, кәрі адамдарға көмек онлайн көрсетілді. Бастапқыда қашықтан жұмыс істеу қиынға соғып, біраз уақыттан кейін ғана бейімделдік. Бірақ қазір қайта ашылғанымызға қуаныштымыз.

Ал Оңтүстік Кореяда қарттардың аквааэробикамен айналысуына мүмкіндік туды

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде де қоғамдық бассейндер қайта ашылып, қарттардың аква-аэробикамен шұғылдануына мүмкіндік туды. Тәртіпке сай сауықтыру орындарына коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын алған азаматтар кіре алады. Орталық қызметкерлері елде қазірге дейін негізінен қарттар егілгендіктен оларға келушілердің дені егде жастағы адамдар екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы