Елордада тағы қай көшелерде автобус жолағы пайда болады?

Елордада жыл соңына дейін тағы 15 аумақта автобусқа арналған жолақ пайда болады.

Бас қалада bussline алғаш рет 2015 жылы пайда болған. Мамандардың сөзінше, автобус уақыттан кешікпей жүре бастады. Жоба тиімділігін растады.

Мәди Сарбасов, City transportation systems департаменті директорының орынбасары:

– Бүгінде bussline қаланың 22 аумағында бар. Бұл дегеніміз жалпы 57 шақырым. Әр аумақта 2 шақырымнан сызылған. Бір көшеде бір бағытта, келесісінде екі бағытта да жолақ бар.

Биыл тағы 15 аумақта пайда болады. Атап айтсам, Тұран даңғылында, Жеңіс, Абылайхан, Момышұлы, Тәуелсіздік, Ұлы дала, Байтұрсынов, Нәжімеденов, Мұхамедханов, Түркістан, Мәңгілік ел және Қошқарбаев көшелерінде қоғамдық көлікке арналған жолақ сызылады. Бұған жұрт не дейді? 

Автобус уақытылы жүру керек. Бәрі машинамен жүріп жатқан жоқ қой. Автобус обязательно өзінің жолағында жүру керек тиісті. Сіз ше аға, жүргізуші ретінде? Қолдаймыз, қолдаймыз.

Автобус жолақтары қажет пе? Қаншалықты көмектеседі? Негізі орталық көшелерге қажет әрине. Бірақ қазір Ұлы дала көшесінде тұр ғой. Ол жақта поток сондай үлкен емес. Ол жақта меніңше керек емес сияқты.

Жолақты полный салмай именно пробка болатын жерде, светофорға жақын жерде салса ол жақсы да. Қалған өтіп кетеді. Целый жолға салады да сосын получается машинадар пробкада тұрып қалады.

Жолды кеңейтіп әрі қарай отдельно жасасын. Ал мынау уже машинаға жетпей жатыр и так. Бір үйде үш машинадан. Байқамай шығып кетіп штраф төлеп жатырмыз.

керек деп ойлаймын. Өйткені мынадай пробкада общественный трансопорт тезірек өту керек қой.

Пробкада біз уақыттан кешігеміз. Конечныйға дейін бір-біріміздің артымыздан бірге барамыз.

Қай жерге қою керек? Мәңгілік елге қою керек. До конца. Кептелісте көп тұрып қаласыздар ма? Иә, мына Қонаевта көбіне тұрамыз. Қанша минуттап тұрасыздар? 15-20 минут қалып қоямыз час пикта.

Абылай хан көшесіндегі жолақ ерекше болмақ. Кептеліс болатын уақытта, яғни таңда жұрт жұмысқа баратын кезде яки көпшілік жұмыстан қайтар мезетте ол жолақпен тек автобустар жүреді. Ал, қалған уақытта өзге көліктер де қатынай алады.

Мұндай пилоттық жоба осы Абылай хан көшесінен басталмақ. Тиімділігін көрсетіп жатса, өзге жолақтарға да жеке көлікпен кіруге рұқсат беріледі. Ал бұдан қоғамдық көлік тағы кідіріп, жүру уақыты ұзарып жатса, онда әлгі жолақпен жеке көліктер жүрмейтін болады. Себебі, басымдық әрқашан автобусқа беріледі.

Мәди Сарбасов, City transportation systems департаменті директорының орынбасары:

– Егер жеке көлікте орташа есеппен 1-2 адам отырса, автобус ондаған жолаушыны тасымалдайды. Егер кептелісте 50 көлік тұрса, ондағы адамның саны бір ғана қоғамдық көліктегі жолаушылардың санына жете алмайды.

Қазір арнайы жолақпен жедел жәрдем, өрт сөндіру және құтқару көлігі жүре алады. Ал, мотоциклмен bussline-ға кіруге болмайды.

Авторлары: Қорған Қонысбайұлы, Асхат Қарақойшиев, Нұрғали Мамырбаев