«Жұмысқа тұрғызып беремін»: түркістандық алаяқ тұрғынды 600 мың теңгеге алдап кетті

Түркістан облысының полицейлері жұмысқа тұрғызып беремін деген алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда танысы жұмысқа кіргізіп беремін деп алдап, күдікті жәбірленуші әйелден жұмыс ақысы үшін 600 мың теңге алған. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа кіргізіп бермеген, не өз ақшасын қайта ала алмаған. Арада бірнеше күн өткен соң жәбірленуші танысының алдап жүргенін білген. Сондықтан бірден полиция қызметкерлеріне хабарласып, көмек сұраған. Тәртіп сақшылары аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Полицейлер іздестіру шаралары барысында күдіктіні жергілікті мекенжайынан анықтады. Оқиғаның толық ақ-қарасын ажырату мақсатында оны ПБ-ға жеткізді. Белгілі болғандай күдікті азамат осындай алаяқтық жолмен тағы бір жергілікті тұрғыннан 150 мың теңге ақша алған. Осылайша оңай жолмен иемденген ақшаның барлығын пайдасының қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Сондай-ақ, қандай да бір мәмілелерді, рәсімдеу кезінде мұқият болу керектігін айтады.

Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, шұғыл «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.