424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Картоп бағасы тұрақтай ма?

  • 139
Картоп бағасы тұрақтай ма?

Атырау облысында картоп бағасы шілде айында тұрақтайды.

Бұл туралы өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов айтты. Оның сөзіне сенсек, келесі айға дейін жергілікті шаруалар өнімін жинап үлгереді. Әзірге атыраулық саудагерлер картопты елдің оңтүстік өңірлерінен және көрші Ресейден сатып алып жүр.

Айта кеткен жөн, мұнайлы өлкеде азық-түлік құны республика бойынша ең жоғарғы орында тұр. Осыған байланысты жуырда көпбалалы аналар көшеге шығып, наразылығын білдірген. Әкімнің айтуынша, қазір аймақта картоп келісін 310 теңгеге сатып жатыр. Алайда өңірдегі тілшілердің ақпаратына сүйенсек, Атыраудағы баға саясаты әлі тұрақталамады. Өйткені супермаркеттерде картоп келісі 400 теңге. Бұл мәселе тілшілеріміздің бақылауында болады.

Хабар 24 телеарнасы