Атырауда вакциналау баяу жүріп жатыр

Атырау облысында шамамен 28 мың азамат вакцинаның екі компонентін алған.

Бұл өңір халқының небәрі 4 проценті. Вакциналау көрсеткіші бойынша аймақ көш соңындағылардың бірі болып тұр. Ал бірінші компонентті 70 мыңға жуық атыраулық салдырған.

Аймақта 41 екпе пункті ашылған.

Махамбет Досмұхамбетов, Атырау облысының әкімі:

– Біз ары қарай осы жұмысты жалғастырамыз. 41 екпе пункті деген тек қана орталықты емес, бүкіл облысты қамтиды. 10 шақтысы жылжымалы пункттер. Өндіріс басына баратын, қашықта жатқан шалғай ауылдарға да жеткізіп бара аламыз. Ары қарай жалғастырып, осы жағдайды қолымызға аламыз. Өз жерлестерімді вакцина алуға шақырамын.