424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

  • 146
  • UPD: 14:48, 18.06.2021
Қызылордада кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды polisia.kz

Қызылорда облысында сот төрелігінен жасырынып жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

34 жастағы ер адам кісі өлтірді деп айыпталуда. 2018 жылдың күзінде Қызылорда қаласынындағы Яссауи мен Бөкей хан атындағы орталық көшелердің қиылысындағы жанармай бекетіне қарама-қарсы тұста түскі уақытта өзінің Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінен кеуде тұсынан екі оқпен атып өлтірілген елорда тұрғыны табылды. Полицейлер айыпталушының жеке басын анықтады. Сол жылдың 5 желтоқсанында Қызылорда қаласының тұрғыны осы кісі өліміне күдікті деп танылды.

Бой тасалап қашып кеткен қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланған еді. Оған қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы