Қосшы қашан қала болады?

Қосшыға қала мәртебесін беру туралы құжат қазір орталық мемлекеттік органда жатыр.

Жалпы облыстық маңызы бар қала атану үшін елді мекенде кемі 50 мың адам тұруы тиіс. Ал қазір Қосшыдағы тұрғындардың саны 60 мыңнан асқан. Алайда олар қағаз жүзінде Нұр-Сұлтанда тіркелген. Бірақ Қосшыда тұрады. Сондықтан құжат бойынша адам санын бекіту жөнінде екі жарым айдан бері жұмыс істеліп жатыр. Осы кезге дейін облыстық әкімдік Қосшыны қала қылу мақсатында 28 бөлімнен тұратын жол картасын әзірлеген. Соның 21-і орындалды. Биыл елді мекенде екі мектеп пен балабақша салынып жатыр.

Жалпы Қосшыны дамыту үшін былтыр да, биыл да 7 миллиард теңге бөлінген.