Елордалық ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін еске салды

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Есен Байыров онлайн-брифингте елорда тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ жағажайларды жабдықтау кезіндегі негізгі талаптар туралы еске салды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Мысалы, елордалық құтқарушылар мас күйінде шомылмауға кеңес береді. Сол сияқты бейтаныс орындарда шомылуға және жүзуге арналмаған заттарды (автомобильдерден алынған камералар, жұқа пенопласт, пластикалық бөтелкелер және т.б.) пайдалануға тыйым салынады. Бейтаныс орындарда жалғыз шомылуға да болмайды.

«Құрметті ата-аналар, жазғы демалыс кезінде балаларды бақылауға алып, қараусыз қалдырмауды және су айдындарына жалғыз шомылуға жібермеуді сұраймыз», - деп атап өтті Есен Байыров.

Ол сонымен қатар жағажайларды жабдықтаудағы негізгі талаптарды еске салды.

«Елордада суға шомылу орындары көктемде белгіленеді. Оның барысында су айдынының түбі екі метрге дейін тексеріледі. Сол сияқты құтқару бекеті құрылады, биіктігі 5 метр бақылау мұнаралары орнатылады. Сондай-ақ шомылу орындарында телефон құрылғысы және бейнетіркеу жүйесі орнатылады», - деп хабарлады спикер.

Рұқсат беру құжаттары тиісті мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс. Суға шомылу орындарында қауіпсіздік ережелері, телефон нөмірлері секілді өзге де ақпараттық стендтер орнатылады.

Сондай-ақ...