Ақмола облысында жеті қоқыс полигоны пайда болады

Ақмола облысында жеті қоқыс полигоны салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде экологиялық ахуалға байланысты жағдай өзекті. Облыс әкімдігі салалық министрліктермен бірлесіп, өңірдің экологиялық мәселесін 2024 жылға дейін реттеудің жол картасын әзірлеп, бекіткен. Щучинск – Бурабай курорттық аймағындағы көлдер тазартылады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың жеті жаңа полигоны пайда болады. Олар Щучинск, Ақкөл қалаларында, Қорғалжын мен Аршалыда, Қосшыда, Коянды мен Зерендіде орналасады. Сонымен қатар Көкшетауда қоқыс сұрыпталатын тұрмыстық қалдықтар полигонын салу бойынша жоба әзірленген. Қазір оны рәсімдеу жұмысы жүргізіліп жатыр.