«Керуен сарайдың» қабырғалары пенопалсттан салынған ба?

Түркістандағы «Керуен сарай» кешенінің қабырғалары сөгіліп жатқаны жайлы ақпарат тараған еді.

Жауаптылардың айтуынша, нысан газоблоктан және бетон плиталардан тұрғызылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Мұның бәрі мемлекеттік сараптама бекіткен жобада қарастырылған», - дейді туристік орталық қызметкерлері. 

Шыңғыс Лепсібаев, құқық қорғаушы:

- Бұл нысан небәрі 2 млн теңге тұрса түсінер едік. Ал бұл жобаға 89 млн жұмсалған. Қыруар қаржыға оны пенопалсттан емес, таза алтын мен платинадан жасауға болар еді. Бар болғаны осы. Бұл менің субъективті, азаматтық пікірім.

Қалалық әкімдікте «Керуен сарай» шетелдік инвесторлар есебінен салынды, сондықтан мемлекеттік қызметкерлердің бүкіл құрылыс процесін бақылауға мүмкіндігі болмады дейді. Алайда жергілікті билік жағдайды назардан тыс қалдырмаған және кешен әкімшілігіне ауызша ескерту жасалған.

Абай Қарақұлов, туристік кешеннің өкілі:

-Әлеуметтік желі арқылы тараған ақпарат жалған. Өйткені кешен пенопласттан салынбаған. Фотосуреттерде түсірілген қаптаманың құлаған бөлігіне келетін болсақ, оны электрокар соқты. Жалпы сәндік безендіруге пенопласт бүкіл әлемде кеңінен қолданылады.

Сондай-ақ...