Ақтауда сәбіз бағасы шарықтап тұр

Дүкендерде сапасына қарай 535-850 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жауаптылар бағаның күрт көтерілуін маусымдық қымбаттаумен байланыстырады. Былтырғы өнім азайып, жаңасы әлі жете қоймаған. Өңірге негізгі азық-түліктің 85%-і басқа аймақтардан тасымалданады. Жыл басынан бері Маңғыстауда картоп 300, сәбіз 400 теңгеден сатылып жатыр. Пияз бағасы 18%-ке, қырыққабат 13%-ке өскен.

Тілеген Едігеев, қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы:

- Ақтау қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар тауарларға күнделікті 3 рет мониторинг жүргізуде. Нәтижесінде сауда желілерімен келісу арқылы әртүрлі санаттағы картоп пен сәбіз пайда болды. Атап айтқанда, сәбіз 184-495 аралығында сатылымда бар. Қалыптасып жатқан жағдай маусымдық сипатта болып табылады. Алдыңғы жылғы өнім аяқталып, жаңасының шығуы күтілуде.