425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылордада сәбіздің келісі 735 теңгеден сатылып жатыр

  • 305
  • UPD: 22:51, 18.06.2021
Қызылордада сәбіздің келісі 735 теңгеден сатылып жатыр фото: sport.ria.ru

Қызылордада да көкөніс қымбаттап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сауда орталықтарының бірінде сәбіздің келісі 735 теңгеден сатылып жатыр. Әлеуметтік желіде желдей ескен ақпаратты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы растады. Қоймалардағы қаптың түбі көрініп, көкөністің биылғы өнімі базарға жеткенше қымбаттаған. Жергілікті биліктің бағаны тұрақтандыру шаралары әзірге нәтиже бермеді. Сала мамандары «картоп пен сәбіздің ерте пісетін сұрыптары тез бұзылатын болғандықтан қымбатқа сатылып жатыр», дейді. Оңтүстік облыстар мен Өзбекстаннан тікелей жеткізу үшін келісімдер жасалмақ. 2020-2021 жылдарға тұрақтандыру қорына 1,4 миллард теңге қаржы қаралған еді.

Айнұр Тілеулеева, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Картоптың бағасы ақырындап түсіп жатыр. Түркістаннан, Сарыағаштан 180-200 теңгеден әкеліп жатсақ, нарықта 220-250 теңгеден сатылып отыр. Сәбізіміз енді-енді пісіп жатыр ғой, Түркістаннан. Біз кәсіпкерліктен сөйлесіп жатырмыз. «Магнумда» 700 теңгеден жүр, сөйлескеннің нәтижесінде 450 теңгеден, 430 теңге болып тұр баға.

Талғат Жақыпбаев, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Тұрақтандыру қоры мен қоймада картоп, сәбіз жоқ. Шығындары көп, АШМ бұйрығы бар, соның ішінде 2 түрі бар, бағаларды тежеудің. Біріншісі тұрақтандыру қорында сақтау. Ұстап отырып, тарату. Екіншісі кәсіпкерлікке төмен пайызбен беру. Біз екінші тәсілге көштік. Біз кәсіпкерлікке бердік, «талабымыз әлеуметтік дүкендерді өнімдермен толтырып тұрасың» дедік.

Хабар 24 телеарнасы