Қызылордада «Басшылар байланыста» атты акция ұйымдастырылды

Қарапайым халық күнде кездесе бермейтін шенеуніктер қоғамдық қабылдау өткізді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлік, жер қатынастары, сәулет және құрылыс, көші-қон құрылымдарының басшылары тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, арыз-шағымын тіркеп алды.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі облыстық департаменті мамандарының айтуынша, бұл шара «еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. 

Сәрсенкүл Әжібаева, қала тұрғыны:

- Мәселе шешіледі, жиналыс болады дегесін келгенмін. Соған қатыстым 2005 жылғы жер көлемін білдім ақиқатын бәрін. Түсіндірді.

Рафхат Бисенов, ҚР МҚІА облыстық департамент басшысы:

- Қазіргі таңда облыста 372 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілетін болса, өткен жылғы көрсеткіш 6 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның 80% жуығы электронды форматта. Енді біз облыс әкімдігімен бірлесіп, электронды форматта көрсетілетін қызметтердің санын арттыру бағытында жұмыстар жасап жатырмыз.