Елордадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында гамма-пышақ орнатылды

Премьер-Министр Асқар Мамин Ұлттық нейрохирургия орталығында жаңа радиология және радиохирургия бөлімінің жұмысымен танысты.

Онда Швецияда шығарылған заманауи «Гамма-пышақ» кешені таныстырылды. Жалпы әлемдегі 400-ге жуық «Гамма-пышақ» қондырғысының жартысы АҚШ пен Жапонияда. Бұл кешен бас миы ісіктерін және қан тамыры ауруларын емдеуге арналған аппарат. Операция сәулелік терапия секілді бірнеше сатыға да созылмайды. Азаматтар мұндай емді квота бойынша тегін ала алады.

Серік Ақшолақов, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқармасының Төрағасы:

- Бұл нейрохирургия саласында радиохиругиямен емдеудің алтын стандарты болып есептеледі. Ойлаймын, біздерде бүкіл осыған дейін біздің науқастар шетелге баратын еді. Міне біз бүгіннен бастап өзіміздің елде емдейміз. Және де медициналық туризмді әрмен қарай жалғастырамыз деп ойлаймын.