Тропикалық циклон АҚШ-тың бірнеше штатына қауіп төндіруде

АҚШ-тағы  Луизиана және Флорида штаттары қатты зиян шегуі мүмкін.

Аймақта дауыл тұрып, 7 миллион америкалыққа қауіп тудырып тұр. АҚШ-тың Ұлттық дауыл орталығы мен билік өкілдері америкалықтарды төтенше жағдайға әзір болуға шақырды.

Джон Белл Эдвардс, Луизиана штатының губернаторы:

– Штаттың оңтүстік бөлігі толығымен зардап шегуі мүмкін. Ал ең қауіпті аймақ – Луизиананың шығыс бөлігі. Біздің болжамымыз бойынша, жауын-шашын екі жарым сантиметрден сегіз сантиметрге дейін жетуі мүмкін.

Штат тұрғыны:

– Үйлерімізді су басып қалуы мүмкін. Өйткені ауа-райының қаншалықты қолайсыз болатынын ешкім білмейді. «Көліктерді қауіпсіз аймаққа әкетіңдер» деп ескертуде. Ал баспанамызды не істейміз?