Түркістан облысында тау-шаңғы нысаны тұрғызылмақ

Түркістанның киелі жерлеріне тәу етуге келетіндермен қатар тау-шаңғы спортын ұнататындарға да жағдай жасалмақ.

Атап айтқанда, алдағы уақытта Қасқасу шатқалында заманауи шаңғы тебу нысаны бой көтеруі мүмкін. Облыс әкімі айтқандай, талайдан бері ойда жүрген жоба алдағы уақытта қолға алынбақ. Оның құрылысын жүргізуге ниет білдірген инвестор да бар. Тек нысанға апаратын жол мен қажетті инфрақұрылымды жүргізу үшін әкімдік тарапынан қолдауды қажет етіп отыр.

Жалпы 2025 жылға дейін сырттан келетін туристер санын 2 жарым млнға жеткізу жоспарда бар. Түркістанның туристік әлеуетін жаңғырту мақсатында бірінші кезеңде 445 млрд. теңге бөлінген. Оның тең жарымы жеке меншік инвестицияға тиесілі болса, қалғаны бірқатар мемлекеттік бағдарлама аясында тартылған қаржы екен.

Сондай-ақ...