Түркістан өңірінде су стансаларының кешені салынады

Түркістан облысының бес ауданында ауыз судың тапшылығы сезіледі. Өңірдің дамуына арналған брифинг кезінде облыс басшысы мұндай жағдай халқы тығыз орналасқан елді-мекендерде қалыптасып отыр деді. Атап айтқанда, Сарыағаш, Қазығұрт, Келес, Мақтаарал мен Жетісайда ауыз су мәселесі бұрыннан бар. Оны тезірек шешу үшін Өгем өзенінде су стансаларының кешені тұрғызылады. Осылайша, бір миллионға жуық тұрғын үшін су қолжетімді болады. Бүгінде Түркістан облысында тіршілік нәрімен қамтитын 60 нысанның құрылысы басталған. 20 елді-мекенде су құбырлары жөнделеді. Бұған 12,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.