Былтыр Алматы облысында 37 гектар орманды алқап отқа оранған

Осындай жағдайды болдырмас үшін Төтенше жағдай қызметкерлері жаппай үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүзден аса адам Қаратал, Балықты өзені бойындағы демалыс орындарын аралап, тынығушыларға қауіпсіздік ережелерінің нұсқаулықтарын таратты. От жағу кезіндегі сақтық шараларын түсіндірді. Себебі оттың шығуына көбіне демалушылардың шоқты сөндірмеуі, шыны ыдыстарды қалдырып кетуі себеп болады.

Дәурен Азаматов, Алматы облыстық ТЖД басқарма бастығы:

– Апта сайын сенбі, жексенбі күндері елдердің көп демалатын аймақтарында осындай шараларды өткізіп отырамыз. Негізгі мақсаты өртті болдырмау, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша үгіт насихат жүргізу.