Петропавлда жас офицерлер қатарға қосылды

Қазақстанның Ұлттық Ұланы 205 жас офицермен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни Петропавл әскери институты өзінің жиырма бірінші түлектерін шығарып салды. Жоғары оқу орнын Тәжікстан мен Қырғызстан елдерінің азаматтары да бітіріп шыққан. Түлектер жолдама бойынша Қазақстанның әр аймағында қызмет ететін болады. Алғашқы әскери шенін алған жас офицерлерге аға буын Өкілдері Сәт-Сапар Тіледі.

Бауыржан Абжанов, ҚР ҰҰ Әскери институтының бастығы:

– Биыл 4 офицер оқуды «Алтын белгіге», тағы алтауы «үздікке» бітірді. Олар сонымен қатар Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі және де Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде жұмыс істейтін болады.