Өскеменде «иттер патрулі» пайда болды

Өскеменде жағажай қауіпсіздігіне қызметтік иттер тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салпаңқұлақтарды төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жағажайларға алып шығып, құтқару қызметіне пайдаланады. Өйткені шомылу маусымы басталғалы қайғылы жағдай жиілей түскен.

Алеся, Вильсон және Хит есімде иттер енді жағажайларда қауіпсіздікті қадағалайды. Олар кинолог-серіктерімен бірге демалыс орнында жүрген тұрғындарға жадынамалар таратып, сақтық шараларын қаперге салады. Салпаңқұлақтар тіпті суға батып бара жатқан адамдарды құтқара алады. Оларға арнайы жилет тігілген. Аймақта шомылу маусымы басталғанына көп болмаса да, қайғылы жағдайлар тіркеліп үлгерген. Мамандар жедел әрекет етуге иттердің маңызы зор екенін айтып отыр.

Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

Облыста биыл 10 адам суға батып кетті. Оның ішінде бесеуі балалар. Адамдардың көбісі қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Ал балалар қараусыз қалып қойып жатады. Салдарынан осындай қайғылы жайттар болды. Құтқару қызметіне иттер тартылды. Олар өз көмегін тигізеді деп ойлаймын.

Жағажайларда әзірге 5 ит қызмет етеді. Олар ауысыммен күзетеді. Ақылды жануарлар бұған дейін де талай шұғыл жағдайларға пайдаланылды. Сондықтан жаңа міндетті де мүлтіксіз атқаратынына сенімді құтқарушылар. Тұрғындар рұқсат етілмеген жерлерге шомылуға құмар. Аптап ыстықта көпшілігі ескертуді елей қоймайды.

«Қызыл жарты ай» қоғамы тынығушыларды алғашқы медциналық көмек көрсету әдісін үйренуге шақырып, білек сыбанды. Өйткені адам өмірін арашалау кезінде уақыт жоғалтуға мүлде болмайды.

Арайлым Әбілғалымова, «Қызыл жарты ай» қоғамы ШҚОФ директоры:

– Көп жағдайлар болады, адамдар адамды судан алып шығады. Бірақ ары қарай қандай көмек көрсету керектігін білмейді. Сондықтан адамдар судан алып шыққаннан кейін қандай жағдай жасау керек екендігін білу үшін барлығын үйретуді мақсат еттік.

Өңірде 2 мыңнан астам су қоймасы бар. Соның 16-сына ғана шомылуға рұқсат етілген. «Өзге орындарға барып демалу, тәуекелге бел буғанмен бірдей»,–  дейді мамандар.