Түркістанда туризм қалай дамып жатыр?

Облыс орталығына биыл үш жыл.

Түркі жұртының рухани астанасы Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейінгі туристердің қызықтап, арнайы ат басын бұратын орынның бірі  «Керуен сарайы». Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерді. 188 гектар аумақты алып жатқан кешен шаһарға ерекше көрік беретін ауқымды жоба. Мұнда қонақүйлер, кинотеатрлар, мейрамханалар мен тарихи-сауда көшесі бар. Сондай-ақ, жасанды көл кешеннің көркін келтіріп тұр.

Бұл алып кешен Түркістанның рухани-мәдени орталығының бір бөлігі ғана дерсіз. Себебі Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің аумағы толықтай түрленіп, сәулеттік сән салтанаты жарасқан орынға айналды. Осыдан үш жыл бұрын құрылысы қызған сектор аумағында қазір бірнеше мұражай, технологиялық кітапхана, театр мен неке сарайы бой көтерді.

Түркістанда туризмді дамытуға басымдық берілген. Жан-жақты жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларға қолдау көрсетіліп, екі жақты келісім жолға қойылды. Нәтижесінде 2018 жылдан бері 1,5 миллиардқа жуық АҚШ долларының инвестициясы тартылды.

Гүлмира Ахбердиева, облыстық Туризм басқармасының басшысы:

Осы жылдың төрт айында «Әзірет – Сұлтан» кешеніне келушілер саны жарты миллионға жетті. Яғни облыс орталығы Түркістанға көшірілген сәттен бастап келушілердің өсу қарқыны 161% құрайды.

Ал көне шаһардың әкімшілік-іскерлік орталығы ұлттық нақыш пен заманауи жаңашылдықтардың ұштасқан ордасы. Мұнда облыс әкімдігінің жаңа ғимараты, конгресс-холл мен медиа орталық бой көтеріп, пайдалануға берілді. Кейбір әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің құрылысы әлі де жүргізілуде.

Ғалымжан Төлегенов, облыстық Құрылыс басқармасы басшысының м.а.:

– Қазіргі таңда теннис орталығы, мұз сарайы, ескек есу, ат спорты кешені басталып кетті. Ол осы екі жылдың көлемінде бітетін болады. 2023 жылы. Сонымен қатар әкімшілік-іскерлік аумағында туристік рекрациялық орталығы салынуда. Жасанды көл. Ол жерде демалыс орны болады.

Аймақтың тағы бір жетістігі – өз әуежайының пайда болуы. Қазір Түркістаннан еліміздің барлық ірі қалаларына ұшуға болады. Түркия мен Қырғызстанға халықаралық әуе рейстері де бар. Болашақта Ташкентпен әуе қатынасын жандандыру жоспарланып отыр.

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Раул Ғабитов, Ерболат Әбіш