Талдықорғанда алғаш рет эндоскопиялық операция жасалды

Профессор Нұрлан Арын арнайы құрылғының көмегімен өңештің көк етін тігіп, ішектерді жалғады деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан асқазаны қысылып, ішектері жабысып қалыпты. Операция үстеліндегі науқастың өңешінде жарықшақ пайда болған.

Нұрлан Арын, медицина ғылымдарының докторы, профессоры:

Бүгін осы жерде 4 операция скл балалар ауруханасында 3 операция. Осы жерде апаратпен жасаймыз. Екі балаға ішекке жасалады. Бір балаға қуыққа зәр ағысы жолдары дұрыс өспей қалған. Соған нейинплантация пересадка жасаймыз. Алты айлық балаға. Сомен осы екі күнде жеті сегіз операция жасамақшымыз. Елге көмегімді жасасам, көмектессем жаңа операция енгізсем, адамдар қиналмаса сондай мақсатпен үлкен үлкен проектпен тегін істеп жүрмін операцияны.

Күрделі операцияға қалалық аурухананың хирургтары да қатысты. Біразы конференция залындағы экраннан бақылап дәріс алды. Шеберлік сабағының басты мақсаты- науқастың тез сауығып кетуіне ықпал ететін әдісті жастарға үйрету.

Жұмахан Молдақұлов, қалалық Көпсалалы ауруханасының бас дәрігері:

Қазіргі таңда мастер класс бірінші қадамы. Болашақта біздің специалистер сол кісінің қоластына барып оқиды. Түбірінде осы операциялар Талдықорған қаласында күнделікті операцияда өтеді деп ойлаймыз.

Жылына облыстың 20 дан аса тұрғыны күрделі ота жасату үшін Алматы мен Нұрсұлтан қаласына барады. Жаңа тәсілді жергілікті мамандар меңгерген жағдайда науқастар алысқа сабылмай-ақ, тұрғылықты мекен жайында емделу мүмкіндігіне ие болады.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов