«Көкшетау-Рузаевка» автожолында екі көлік соқтығысып, жүргізуші мерт болды

Ақмола облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 29 жастағы көкшетаулық оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы маусымның 19-ында кешкі сағат 20:45-те «Көкшетау- Рузаевка» автожолының 17 шақырымда орын алған. «Анықталғандай, «Фольцваген пассат» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «МАЗ» жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі — 29 жастағы көкшетаулық оқиға орнында көз жұмды», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі кезде, оқиғаның мәні-жайы анықталуда.