Барлық қиындықты бірлесіп еңсердік – БҚО-ның санэпидемиолог мамандары

Батыс Қазақстан облысында пандемия басталғалы 24 мыңдай адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өкінішке қарай, 300-ден аса адам індеттен көз жұмды. Қиын шақта қатерлі дертпен күрескендердің алғы шебінде санэпидемиологтардың болғаны рас.

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

- Басқарма мамандары қатерлі індет туралы кезекті ақпаратты қабылдап жатыр. Жедел желідегі қызметкер хабарлама бойынша түскен мәліметтерді жинақтап, бөлім басшысына хабарлайды. Ол өз кезегінде эпидемиологиялық тексеру жүргізетін топ мүшелерін жинайды. Ауру ошағына аттанар алдында оларға бір реттік жеке қорғаныш киімі беріледі.

Раушан Бақтиярова, қалалық қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы:

- Бізге жаңа ғана шұғыл хабарлама түсті корнавирустың ошағына эпидемиологиялық тексеру жүргізу үшін. Бізге әрдайым бір реттік костюм беріледі. Осыны қолданамыз және ошақтан шыққаннан кейін біз оны жоямыз.

Міне, ауру ошағын тексеруге шығатын мамандар жеке қорғаныш киімін киюге кірісті. Байқағанымыз, мамандар мұндайда бірден жедел қимылға көшеді. Санаулы секундтарда сымдай тартылып, сапта тұруы тиіс екен. Құдды, әскердегідей тәртіп.

Раушан Бақтиярова, қалалық қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы:

- Бұл қорғаныш костюмін біз 40 секундта киіп болуымыз керек. Өйткені әскердегідей шұғыл түрде шығу керек болған оң шұғыл түрде жұмыс орнына жетуіміз керек. Ауа жібермейтін болған соң бізге демалуға, очкиіміз терлеп кетуі мүмкін. Сол тек қиындықтары.

Қорғаныш киімін киімін киген соң оларға бір ғана міндет жүктеледі:

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінде еңбек етіп жүрген мамандардың 95%-і қыз-келіншектер екен. Пандемияның бастапқы кезеңінде түрлі кедергілерге тап болдық. Шұғыл хабарлама бойынша шыққан әрбір сапарымыз оңай болған жоқ. Бірақ біздің қызметкерлер өз міндеттеріне адал болды. «Барлық қиындықты бірлесіп еңсердік», - дейді сала басшылары.

Мира Қауымбаева, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

- Пандемия басталғанда біздер 1 ай бойы дайындалдық. Әр медициналық мекемені тренинг өткізіп үйреттік. Обаға қарсы костюмдер шыны керек, ұмытылды ол кезде, шыны керек. Көбі қалай киіп шешетінін білмейді, оларға тренинг өткіздік. Сонда да барлық мед мекемелер біртүрлі күліп қарап, оларға бір ертегі айтып жатқандай болдық. Әрине, ол күн түскен кезде әрқайсысы өз тірлігін жасады. Сол кезде олар түсінді, біздің қадырымызды. Медициналық жұмысшылар басында ешкім мән берген жоқ. Бірақ сонда да әрқайсын үйретіп.

Санэпидемиолог мамандардың қызметі айыппұл салумен шектелмейді. Олар инфекция ошағын тауып, науқастармен байланысқа түскендерді анықтайды. Қатерлі індет жұқтырғандарды оқшаулап, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізеді.

«Қатерлі індет таралған алғашқы айлар әлі күнге көз алдымызда. Вокзал күзетіп, әуежайда қонған, ашынған науқастардың аурухана есігін сындырып, індет ошағына барғанда біреулердің ит қосып қуған кездерін қалай ұмытармыз. Бірақ ешкім қызмет орнын тастап кетпеді. Қиындық атаулыға мойымадық, антымызға адалдық таныттық», - дейді олар.

Гүлдана Кереева, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

- Әйел адамдардың білесіз, енді жүгі ауырлау. Себебі оның жанұясы бар, балалары бар. Осы эпидемия басталғалы бері күні-түні жұмыс жасап, отбасыларына да көңіл бөлмей төзімділік танытып, қиын жағдайы осы болған шығар. Өзінің балаларын тастап, хаыққа қызмет етіп, абыройлы медицина саласында жұмыстанып жүрген қызметкерлер.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысы әлі «сары» аймақта. Әр тәулік сайын жүздеген адамнан коронавирус анықталып отыр. «Сондықтан арқаны кеңге салуға әлі ерте. Кәсіби мереке қарсаңында да қалғып кетуге хақымыз жоқ. Себебі, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау – сала мамандарына жүктелген жауапты міндет», - дейді олар.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов