Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 40 адам жазылып шықты

Қазақстанда 20 маусымдағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияны 56 адам жұқтырғаны белгілі болды.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 40 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бері Қазақстанда КВИ пневмониясымен ауырғандар саны 56535-ке жетіп, 969 өлім жағдайы тіркелді. Жазылып шыққандардың саны 51882-ні құрап отыр.