Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 91 науқастың жағдайы өте ауыр

2021 жылдың 20 маусымындағы мәлімет бойынша 21 569 адам коронавирус инфекциясынан (–20 339 + және 1230 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарланды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында.

Олардың ішінде 6 358 пациент стационарда, 15 211 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 458 адамның жағдайы ауыр,
  • 91 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 54 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.