Петропавлдық полицей газтұмылдырықтар жинаумен айналысады

Мамандандырылған күзет басқармасының қызметкері Эльдар Алимкин азаматтық қорғаныс тарихына құмар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның үйіндегі бір бөлмесін мұражай деуге болады. Мұнда радиациялық қорғаныс құралдары, жауынгердің химиялық қорғаныс костюмдері мен осы салаға қатысты әдебиеттер бар. Солардың ішіндегі ең негізгісі – газтұмылдырықтар. Бүгінгі таңда Эльдар оның 30 шақты түрін жинап қойған.

Эльдар Алимкин, облыстық мкқб қызметкері:

- Қазір менің коллекциямда азаматтық, әскери және құтқару қызметінің газтұмылдырықтары бар. Олардың былтыр қаңтар айынан бері ғана жинай бастадым. Бұның бәрі азаматтық қорғаныс саласының тарихы. Ең бастысы өзіме қызық.