424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ashyq жүйесінің қолданыс аясы кеңейді

  • 131
  • UPD: 10:39, 21.06.2021
Ashyq жүйесінің қолданыс аясы кеңейді

Шығыс Қазақстан облысында «Ashyq» мобильдік қосымшасы арқылы 600-ден астам кәсіпкерлік нысан қызмет көрсетіп жатыр.

Бұл жүйенің қолданыс аясы кеңейіп келеді. Өскемен қаласындағы автовокзалда да дәл осы әдіс енгізілді. Ғимаратқа күніне кемінде 400 адам келеді. «Жаз мезгілінде адамдардың дене қызуын өлшеп отыру тиімсіз, өйткені ауа райының ыстық болуы тексеріс нәтижесіне кері әсерін тигізеді» дейді мамандар. Ал мобильдік қосымшаның көмегімен ақпаратты нақты әрі тез алуға болатынын айтады. Автовокзал қызметі мұндай жүйеге көшкелі науқастармен байланыста болған бір ғана жолаушы анықталған.

Алмас Бейсенғазин, автовокзал директоры:

– Ashyq жүйесінің біз үшін тиімділігі  – нақты ақпарат беретіндігінде. Өйткені дене қызуын тексерумен біз нақты ақпарат ала алмаймыз. Өйткені ыстық күні адамның дене қызуы көтерілуі мүмкін. Ондай негізбен адамды рейске жібермеуге құқығымыз жоқ. Ashyq жүйесінің бір жақсысы – ол ресми ақпарат береді, адамның қандай статусы бар екендігін көрсетеді. Қызыл немесе сары статусы болса, ондай адамдары біз өткізбейміз.

Хабар 24 телеарнасы