Қазақстандықтардың қаладағы табысы ауылдық жерлерге қарағанда 38% жоғары

Осы жылдың бірінші тоқсанында халықтың ақшалай кірісі жан басына шаққанда орта есеппен 196,5 мың теңгені құрады.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8% артық, деп хабарлады ranking.kz.

Қазақстан аймақтарының ішінде ең көп кіріс мөлшері дәстүрлі түрде мегаполистерде тіркеледі – Нұр-Сұлтан қаласы (275,9 мың теңге) және Алматы (246,8 мың теңге).

Ең төменгі кіріс мөлшері Түркістан облысының тұрғындарында байқалды: 121,8 мың теңге, бұл көрсеткіш елордамен салыстырғанда бірден 2,3 есе аз.

Қалалық жерлердегі халықтың кірісі 9,9%, яғни жан басына шаққанда орта есеппен 221,3 мың теңгеге дейін, ал ауылдық жерлерде 12,1%, яғни 160,6 мың теңгеге дейін өсті.