423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде теміржол вокзалдарына «Аshyq» жүйесі енгізілді

  • 220
  • UPD: 13:58, 21.06.2021
Елімізде теміржол вокзалдарына «Аshyq» жүйесі енгізілді

Бүгіннен бастап Алматы -1, Алматы-2 және Қарағанды мен Өскемен теміржол вокзалдарында Ashyq жүйесі ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вокзалға тек көк және жасыл түсті статусы бар жолаушылар мен шығарып салушы азаматтар өте алады. Ал жүйеде сары немесе қызыл түсті көрсеткен жолаушылар ғимаратқа кіре алмайды. Ashyq жүйесі бұған дейін қалада бірқатар нысандарға енгізілген, оның жұмысымен тұрғындар жақсы таныс. Вокзалға кірерде кез келген азамат ашық қосымшасын пайдаланып немесе вокзал қызметкеріне жеке сәйкестендіру номерін көрсетсе жеткілікті. Ал шетел азаматтары төлқұжат номері арқылы статусын анықтай алады. Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балалар тексеруден өтуге міндетті емес. Кіруге тыйым салынған түстерге сәйкес келген жолаушылар пойызға отырығызылмайды. Билетті өткізу үшін railways.kz сайтында көрсетілген телефон номеріне тиісті құжаттарды жіберу керек.

Жомарт Кәрібаев, Жолаушылар тасымалы жөніндегі «Оңтүстік» аймақтық филиалының бас инженері:

– Егер жолаушы 24 сағатқа дейін өзінің статусын анықтап, билетті қайтаратын болса, ол кезде толық 100 пайыз билеттің сомасын қайтара алады. Егер де пойыз жөнелтілер алдында анықталып, қайтарылған жағдайда билетті қайтару  Қазақстан Республикасының Инвестицциялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі номері 545-ші еренжесіне сәйкес жүзеге асырылады. Алты ай ішінде жолаушылар тасымалы Акционерлік қоғамының кез келген кассасына өтініш қалдыра алады.

 

Хабар 24 телеарнасы