423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ішкі нарық отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз етілуі керек – Асқар Мамин

  • 272
  • UPD: 15:23, 21.06.2021
Ішкі нарық отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз етілуі керек – Асқар Мамин

Биыл елде 2 ет комбинаты және 5 құс фабрикасы салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министр Асқар Мамин Парламенттің бірлескен отырысында осылай деп мәлімдеді. Азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру жұмысы белсенді жүріп жатыр. 29 негізгі тауардың 11-і 100 пайыз өзімізде өндіріледі, ал 12 тауар бойынша – 80 проценті қамтамасыз етіледі. Бірақ 6 азық-түлік түрі бойынша сырт елдерге тәуелділік бар. Оны азайту үшін тамақ өндірісін ұлғайту қажет. Үкімет басшысының дерегінше, биыл 35 сүт-тауарлы фермасы, 2 мың 200 гектар бау-бақша, 2 ет комбинаты, 5 құс фабрикасы, 4 балық өндірісі нысаны іске қосылады. Сонымен қатар 2022-2023 жылдары тағы ондаған кәсіпорын құрылады. Сөйтіп, 2024 жылға қарай ішкі нарық отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз етілуі керек. Асқар Маминнің айтуынша, биыл мамырда азық-түлік тауарларының бағасы әлем бойынша 40 процентке қымбаттады. Ал Қазақстанда бұл саладағы инфляция 9,3 пайызды құрады.

Хабар 24 телеарнасы