Елімізде 20 мыңға жуық нашақор есепте тұр

Бұл өз келісімімен тіркеуге тұрғандар ғана, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал шынайы көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін. Бұл жөнінде Есірткі қылмыстарына қарсы күрес департаменті басқармасының  бастығы Бақытжан Әмірханов мәлімдеді. Оның айтуынша, 18 миллион халқы бар Қазақстан үшін бұл өте қауіпті көрсеткіш. Сондықтан, оның алдын алуға бағытталған шаралар күшейтілді. Мәселен, синтетикалық заттар айналымына байланысты 526 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Есірткі тарататын 740 сайт бұғатталды. «Есірткі қылмысына қарсы тұру, жауапкершілікті күшейту полиция қызметінің маңызды бағыты болып қала береді»,– деді полиция поковнигі.