Сенатор: Ауылдар ауыз сусыз отыр

Елдегі ауылдардың 36 проценті орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

105 елді мекен тұрғындары әлі күнге суды тасып ішеді. Жергілікті жолдардың сапасы да сын көтермейді. Оның 45 проценті ескіріп, қайта қалпына келтіруді қажет етеді. Электр желілері істен шығуға таяу. Сенатор Абдалы Нұрәлиев проблеманы үкімет басшысына жеткізді. Оның айтуынша, күрделі мәселелердің ұзақ жылдардан бері шешілмей келуі,, ауылдан қалаға көшу үдерісін жиілетті. 2017 жылдан бері 80 мың адам кіндік қаны тамған елді мекеннен басқа жерге қоныс аударуға мәжбүр болған. Жұмыссыздық та олардың осы қадамға баруына әсер етті. Сондықтан депутат Премьер-Министрден мәселені тез арада шешпесе, ауылдық жерлер құрдымға кететінін еске салды.