Ақтөбеліктер қаза болған мектеп директорларын еске алды

Ақтөбеліктер жол көлік оқиғасында қаза болған мектеп директорларын еске алып, аза тұтуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұстаздар еңбек еткен білім ордаларының алды кешелі бері гүл шоқтарына толған. Естеріңізге сала кетсек, сенбі күні кешкілік Ойыл-Қобда бағытындағы жол бойында автокөлік аударылып, екі адам көз жұмған болатын. Олар облыс орталығындағы нөмірі 20-шы және 33-ші орта мектептің директорлары. Ал нөмірі 25-ші және Новый орта мектебінің басшылары түрлі жарақаттармен аудандық ауруханада жатыр. Қазір дәрігерлер екеуінің де жағдайын тұрақты ауыр күйде деп бағалап отыр. Облыстық Білім басқармасы өкілдерінің сөзіне қарағанда ұстаздар Ойыл ауданына жеке шаруасымен жолға шыққан.

Бекболат Ізбасаров, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Біреуі енді орташа ауырлықтағы қалаға жеткізіледі. Ал ауыр жағдайдағы науқас енді оны барып қарау керек. Бүгін санавиация мамандарымен барып қаралып, жағдайы тұрақты болса қалаға ауруханаға жеткізілетін болады.