Мәжілістің бұрынғы депутаты Тарас Хитуов қайтыс болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылған депутаты Тарас Киікбайұлы Хитуов 58 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған аурудан дүниеден өтті.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бүкіл депутаттық корпус атынан марқұмның отбасына, жақындары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

«Тарас Киікбайұлы адал еңбегі мен зор жауапкершілігімен еліміздің заңнамалық базасын жетілдіруге өлшеусіз үлес қосты. Отанының нағыз патриоты ретінде оның жарқын бейнесі халқымыздың және барша жақындарының есінде сақталатыны сөзсіз», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Т.Хитуов соңғы жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ омбудсмені болып жұмыс атқарған болатын.