Көбейтұз көлі адам денсаулығына қауіпті – мамандар

Кейінгі бірер жылда елдің көзайымына айналған Көбейтұз жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, суда ауыр металдар шамадан тыс көп. Мәселен, кадмий, марганец, мыс, никель, қорғасын және хром бар екені анықталды. «Ал, жағалаудағы топырақта бұл металдармен қоса мырыш та бар», - дейді мамандар.

Естеріңізде болса, былтыр көпшілік емге жақсы деп Көбейтұздан шықпай, тіпті қолынан келгені тұзы мен балшығын сатып, пайда тапқан. Ал мамандар оның ешқандай емдік қасиеті жоқ екенін айтады. Дертке дауа болмақ түгілі, ағзаға зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан су айдынына баруға тыйым салынды. Ал, Көбейтұздың ары қарайғы тағдырын Экология министрлігі шешпек.

Сырым Әбжіков, Ерейментау ауданы әкімінің кеңесшісі:

- Зерттеу нәтижесінде көл суындағы концентрациялардың жоғары мөлшері анықталды. Яғни, нитраттар 2 есеге артады. Амонимді азот 900 есеге артады. Аммиак 840 есеге артады. Нитраттар 18 есеге артады, хлоридтер 1150 есеге артады. Сульфаттар екі есеге артады және мышьяк 15,58 есеге артады. Шекті рұқсат етілген концентрация нормаларының артуына байланысты Көбейтұз көлі адам денсаулығына қауіпті.

Сондай-ақ...