Жұмыспен қамту жол картасының нәтижесі төмен – Айқын Қоңыров

Өткен жыл еңбек нарығына жайсыз болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы нарықты ресми еңбек қатынастары мен әлеуметтік кепілдіктерден алшақтауға итермеледі. Бірақ Қазақстанда бұл салада сол баяғы әдіс тәсілдер қолданылады. Сайып келгенде, еңбек нарығында өзгеріс жоқ. Қос палата отырысында «Қазақстан халық партиясы» фракциясының төрағасы Айқын Қоңыров осы мәселені көтерді.

Айқын Қоңыров, «Қазақстан халық партиясы» фракциясының төрағасы:

- Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 1 триллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бірақ біз еңбек нарығында тұшымды өзгерістер әлі жоқ. Бұл әзірше қазіргі проблемаларды шешудің, азаматтарды уақытша жұмысқа орналастырудың құралы болып отыр. Шын мәнінде, Жұмыспен қамту жол картасы жобаларының 86%-і маусымдық жұмыспен байланысты. Ол құрылыс және жол жөндеу. Бірақ оған сай жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде елді мекендердің инфрақұрылымы жақсарды деуге келмейді. Бұл «Еңбек» бағдарламасына да қатысты. Жекелеген өңірлерде жалған түрде жұмыспен қамтылу деңгейі 13-17%-ке дейін жетеді.