Жамбыл облысына қажетті судың 80%-і Қырғызстаннан келеді

Жамбыл облысының ауыл шаруашылығына қажетті судың 80%-і Қырғызстаннан келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бүгінде айыр қалпақты ағайын оның тең жартысын ғана беріп отыр. Мәселені шешу үшін өңірде үш су қоймасын салу жоспарланған. Егер жоба іске асса өңірдегі су қоры 120-150 миллон текше метрге артады. Сондай-ақ елде тамшылап суару технологиясын дамытуға басымдық беріліп жатыр. Жерасты суларын пайдаланудың тиімділігі зерттеледі. Қазір облыста 600 су тартатын скважина бар. Биыл тағы 20-сы іске қосылған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазір өңірде мал азығына қатысты мәселе жоқ. Жайылымдық жерді тиімді пайдаланауға қатысты бірқатар шара қолға алынған.