Қылмыстық процеске қатысушылардың құқығын нығайту керек – Қ.Мәми

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісудегі проблемаларға байланысты заң шығару деңгейін арттыру толық іске аспай жатыр.

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми мәлімдеді. Осы мәселеде оңтайландыру рәсімдерін қарастыру қажеттегін айтты.

«Негізгі заңның нормаларына ресми түсіндірме беру, заңның Конституцияға сәйкестігін қол қойғанға дейін қарау керек», - деді Қайрат Мәми. Сондай-ақ ол құқық қорғау жүйесіндегі жұмыстарға да тоқталды. Кеңес төрағасының айтуынша, қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық кепілдіктерін әлі де нығайту керек. Сотта қылмыстық істерді қарағанда іс жүргізудің қисынды мерзімдерін айқындау маңызды. Мерзімдері бұзылғаны үшін өтемақы төлеуді белгілейтін шаралар қабылдау мүмкіндігін зерделеген жөн.

Сондай-ақ...