423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

МӘМС-ке қол жеткізе алмай жүрген 3 млн қазақстандық қайда барып емделеді?

  • 100
  • UPD: 21:59, 21.06.2021
МӘМС-ке қол жеткізе алмай жүрген 3 млн қазақстандық қайда барып емделеді?

3 млн қазақстандық Міндетті әлеуметтік седициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке қол жеткізе алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені расталған тұрақты кірісі жоқ. Мысалы, қатерлі ісік ауруының алдын алуға арналған скринингтердің 80%-і сақтандырылған азаматтарға ғана қолжетімді. Қос палата отырысында Сенатор Нұртөре Жүсіп осындай дерек келтірді.

Оның айтуынша, «Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне өзін өзі жұмыспен қамтығандардың 44%-інен және жалдамалы қызметкерлердің 76%-інен ғана жарналар түседі. Осылай деген сенатор Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтарды медициналық сақтандыру жүйесіне көбірек тартып, жарналарды төлемегені үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруды ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы