423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы шағын аудандар қоқысқа толып барады

  • 130
  • UPD: 10:35, 22.06.2021

Қоқысқа көмілген көшелер. Ақтаудағы жаңа шағын аудандар мен Ақшұқырға дейінгі аралықта қоқыс үйіліп жатыр. Күн өткен сайын иен дала полигонға айналып барады. Жел тұрса күл-қоқыс тұрғын үйлерге ұшып, иісі қолқаны қабады. Шаһарда үйіндіге толы 63 нүкте анықталған.

Әйгерім Ашықбаева, тілші:

- Тау болып үйілген қоқыс арасынан құрылыс материалдарын, үй жиһаздарын, тұрмыстық қалдықтарды, тіпті көліктің темір-терсектерін, тіпті үй жиһазын кездестіруге болады. Бұл 20-шағын аудандағы үйілген үйіндінің біреуі ғана. Өкініштісі сол, жаңа шағын аудандардың көпшілігіне осы көрініс тән. 

БЛИЦ:

- Үйдің жан-жақтың бәрі стройка, шаң, терезе аша алмайсың, кешке үйдің алдында отырып демала алмайсың. Аллергия, балалар ауырады. Жел мынадан болса, қоқыс келеді, қанша жинағанымен келеді. 

- Кешке далаға шыққанда өте нашар иіс шығады. Любой мусорды осы жерлерге әкеліп төгеді. Сыртқа кішкене отырамын, сонда балалар барып мусорға барып ойнайды. 

Қоқыс үйіндісінен тек балалар ғана емес, ересектер де іздегенін табуда. Түс уақытында қалдықтың бел ортасын кешіп жүрген тұрғынды көзіміз шалды. 

- Не іздеп жүрсіз? 

- Темір, ағаш қарап жүрмін.

Қоқыстан керегін тапты ма, әлде камерадан ұялды ма, ер адам қаша жөнелді. Бұдан бөлек бірер сағаттың ішінде қоқыс төккен жеңіл көлікті де, жүк көлігін де кездестірдік. Жыл санап құрылысы көркейген қаламен бірге жарыса қоқыс үйіндісі де көбейіп келеді. Тұрғындар бұған құрылыс компанияларын кінәласа, бірі адамдардың өзі тазалыққа көз жұмады дейді.  

Айбек Ербөлеков, Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Заңсыз қоқыстарды қалдыру ол қатты тұрмыстық қалдықтар және құрылыс қалдықтары қалдыру фактілері өте көп. Соған қарамастан тұрғындар қалдықтарды тастауды жалғастыруда. Жыл сайын тазалау жұмыстарын жүргізудеміз. Қала аумағында қоқыс көп төгілетін аумақтарды тексеру аясында жаңа айтып өткендегілей 56 тұлғаға әртүрлі көлемде әкімшілік хаттама толытырылып, айыппұл салынды. 

Өткен жылы «ғарыш сапары» бағдарламасы арқылы қала аумағында қоқысқа толы 68 нүкте анықталып, 64-і толық тазартылған. Ал биыл 63 орын белгілі болды. Тамыз айының соңына дейін жинастыру жоспарда дейді жауаптылар. 

Әйгерім Ашықбаева, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы