Нұр-Сұлтанда ковидтің үнді штамына тән болуы мүмкін мутация анықталды

Қазақстанда карантин режимі қайта күшеюі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Айтуынша, қазір елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бірақ Нұр-Сұлтанда коронавирустың үнді штамына тән болуы мүмкін мутация анықталды. Сондықтан "ведомствоаралық комиссия отырыс өткізіп, елордада және өзге өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді қарастырадыеді Тоғжанов.  Еске салайық, дельта-штамм коронавирустың өзге түріне қарағанда 60 процентке тез жұғады. Оның инкубациялық кезеңі 7 күн.  Сондай-ақ буын сырқырап, науқастар тіпті есту қабілетінен айырылуы мүмкін.