424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жетілдірілді

  • 184
  • UPD: 11:13, 22.06.2021
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жетілдірілді

Заңнамалық базаны жетілдіру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында мыналар қарастырылған:

– мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға арналған санитариялық-гигиеналық заттардың тізбесін күнделікті және урологиялық төсемдермен кеңейту;

– қатты инвентарь ретінде қосымша позицияны қосу;

– мүгедектігі жоқ адамдарға дәрігердің көрсетілімі бойынша техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын (балдақтар, таяқтар, жүргіштер, корсеттер, бандаждар, емдік белдіктер, есту аппараттары, бөлмелік кресло-арбалар, серуендеуге арналған кресло-арбалар, сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) беру;

– әлеуметтік-еңбек қызметтерін ұсыну (жылыжайларда, қысқы бақта, үй жанындағы учаскелерде), бұл қызмет алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескере отырып, өмірдің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ МӘМ-де ресімдеу кезінде медициналық тексеруден өту рәсімін оңайлату мақсатында қолданыстағы медициналық карта нысанында көзделген тар шеңберлі мамандардың тізбесі қысқартылды. Міндетті 8 маманнан 3, сондай-ақ барлық қосымша 7 маман қысқартылды.

Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарында қарттар мен мүгедек адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді униформамен, жеке қорғаныс құралдарымен (бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптар, дезинфекциялау құралдары) қамтамасыз ету көзделген.

Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері мен жергілікті атқарушы органдар ұсынды.

Ақпарат көзі: ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы