Волонтерлік қызмет туралы заң жобасы Үкіметке енгізілуі мүмкін

Волонтерлік қызмет мәселелі туралы заң жобасы 1 шілдеге дейін Үкіметке енгізілуі мүмкін.

Премьер-министр Асқар Мамин бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тиісті тапсырма берді. Сонымен қатар Үкімет басшысы волонтерлік қызметті қолдау стандартын әзірлеуді тапсырып, цифрлық, эко, онлайн және басқа да салалық волонтерлікті дамытуға жағдай жасау керектігін айтты. Жалпы елімізде игі істермен айналысатын волонтерлік ұйымдар 3 есе, волонтерлар саны 4 есе өсті. Пандемия кезінде еріктілер 1 миллионға жуық азаматқа көмектескен.  Негізінен волонтерлер гуманитарлық адрестік көмек, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен және балалармен жұмыс жүргізген.