Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалдау бағасы қымбаттады

Мамыр айында Қазақстанда дүңгіршектерді жалдаудың орташа бағасы шаршы метрі үшін 8,2 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда бірден 18,8% қымбаттады, деп хабарлады ranking.kz.

Сауда орталықтары мен сауда-ойын-сауық орталықтарындағы бутиктерді жалға алу құны бір жыл ішінде 14,1% өсіп, 4,9 мың теңгеге дейін жетті. Сондай-ақ асханаларды (10,7%-ке қымбаттап, 1,3 мың теңгеге дейін), айырбастау пункттерін (9%-ке, 6,9 мың теңгеге дейін), фитнес-клубтарды және спорт залдарын (8,8%-ке, 1,3 мың теңгеге дейін) жалға алу бағасы қымбаттады.

Кеңселерді жалдау құны кеңсенің санатына байланысты шаршы метрі үшін 1,4 мың теңгеден 4,4 мың теңгеге дейінгі аралықта болды.

Автокөлік жуатын орындарды жалдау құны 4,3% төмендеп, 959 теңгені құрады.

Жалпы, осы жылдың мамыр айының соңындағы жағдай бойынша коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалдау бағасы бір жыл ішінде 4,8% өсті.