Былтыр елордада өрттен 7 адам көз жұмды

Былтыр елорда аумағында болған өрттен 7 адам көз жұмды, оның екеуі бала. Тағы 8 азамат түрлі жарақат алған.

Бұл туралы өрт қауіпсіздігіне арналған брифингте мәлім болды. 394 нысанды от шарпыған, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 48%-ке өскен. Негізгі себеп қауіпсіздік талаптарының сақталмауы. Мемлекеттік өрт бақылауы жүргізілмейтін шағын сауда орындары мен дүңгіршіктер өртенеді екен. Бұл ретте төтенше жағдай қызметінің маманы, шағын кәсіп нысанындағы өртке қарсы тәртіпті нығайту қажеттігін айтады. Тәртіпке бағынбаса жұмысшыларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатынын ескертті. 

Еркін Отарғалымұлы, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

- Егер де сіздер өздеріңіздің ішкі өртке қарсы режимді орнатып, Өртке қарсы режим бұйрық немесе нұсқаулық негізінде орнатылады. Оны бұзғаны үшін сіз өз қызметкерлеріңізге тәртіптік жаза қолдана аласыз. Яғни сөгіс жариялау, ескерту жариялау немесе премия дейміз ғой, сол премиядан айыруға болады. Бұл заңмен қарастырылған.